ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қазан 2023 | 16:01
Каратеші Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тоғызыншы алтынды салды
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында каратеден 60 келіге дейінгі салмақта өткен жарыста қазақстандық каратеші Қайсар Алпысбай жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengri Sport.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында каратеден 60 келіге дейінгі салмақта өткен жарыста қазақстандық каратеші Қайсар Алпысбай жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Финалда Алпысбай екі дүркін Азия чемпионы кувейттік Абдулла Шаабанмен шықты. Жекпе-жек тартысты өтіп, бәрі соңғы секундтарда шешілді. Нәтижесінде қазақстандық 7:5 есебімен жеңіске жетіп, алтын медальді иеленді.
Қайсар Алпысбай 2022 жылғы Азия ойындарында ұлттық құрама үшін тоғызыншы алтынды алып берді. Сегізінші жүлдені каратеші Нұрқанат Әжіқанов алған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также