ПОДЕЛИТЬСЯ
05 тамыз 2021 | 11:46
Каратэші Дархан Асәділов жартылай финалға шықты. Кем дегенде "қола" бар
Қазақстандық каратэші Дархан Асәділов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық каратэші Дархан Асәділов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
А тобында өнер көрсеткен каратэші үшінші қарсыласы жапон Саго Наотоны 3:0 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды. Демек, Асәділовтің еншісінде кем дегенде қола медаль бар.
Айта кетейік, қазақстандық каратэші алғашқы кездесуінде 6:2 есебімен басым түскен еді. Кейін әзербайжандық Фирдоуси Фарзалиевті де 6:2 есебімен жеңген болатын.
Дархан Асәділов - каратэден Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі спортшы, жасы 33-те. 2010 жылы Азия чемпионы атанған. 2008 жылы әлем чемпионатында күміс, 2018 жылы қола медаль жеңіп алған. Еншісінде Азия чемпионатынан бірнеше жүлде бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также