ПОДЕЛИТЬСЯ
16 маусым 2021 | 15:44
Каратэші Юлдашев пен Берульцева Олимпиада лицензиясына ие болды
Каратэші Юлдашев пен Берульцева Олимпиада лицензиясына ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Каратэші Юлдашев пен Берульцева Олимпиада лицензиясына ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықаралық карате федерациясы (WKF) Олимпиадалық рейтинг бойынша Токио Олимпиадасына жолдама алған спортшылар тізімін жариялады. Оған сәйкес, Шымкент қаласының каратэшілері тағы екі Олимпиада лицензиясын иеленді.
"D-3" біліктілігі бойынша халықаралық рейтингке сәйкес, Данияр Юлдашев Олимпиада лицензиясына ие болып, Азия өңірінде ең жоғары нәтиже көрсеткен үздік каратэші атанды.
Сондай-ақ, тағы бір жерлесіміз Софья Берульцева (+75 келі) да халықаралық рейтингке сәйкес, құрлықтық жолдамаға ие болды. Айта кетерлігі, каратэден Қазақстан құрамасынан Токио Олимпиадасына бес жолдама бар. Осыған дейін Дархан Асаділов рейтингте қарсыласынан 1000 ұпай алда болғандықтан мерзімінен бұрын Олимпиада лицензиясына иелік етті.
Данияр Юлдашев - каратэ спорт түрінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2017 жылы Астанада өткен ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2018 жылы Испанияда өткен "Премьер Лига" Халықаралық турнирінің күміс жүлдегері. Софья Берульцева - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Сонымен, Шымкент қаласының қоржынындағы Олимпиада жолдамаларының саны 10-ға жетті. Оның иегерлері:
Стенд ату - Сәрсенкүл Рысбекова, Кравченко Зоя
Оқ ату - Юрий Юрков
Бокс - Закир Сафиуллин
Қаратэ - Дархан Асаділов, Данияр Юлдашев, Софья Берульцева.
Байдаркада есу - Сергей және Тимофей Емельяновтар
Көркем гимнастика - Алина Әділханова
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также