Карина Горичева Универсиаданың күміс жүлдегері атанды

Карина Горичева.

?аза?станды? ауыратлет Карина Горичева Тайбэйде ?тіп жат?а жазды Универсиада ойындарыны? к?міс ж?лдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Қазақстандық ауыратлет Карина Горичева Тайбэйде өтіп жатқа жазды Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Жазғы Универсиада ойындарында отандасымыз өзіне жаңа 69 келі салмақта өнер көрсетті. Бұған дейін ол 63 келіде сынға түсіп, Риода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.

Тайбэйде өтіп жатқан Универсиада ойындарының бірінші сайысында отандасымыз қарсылас шақ келтірмеді. Жұлқа көтеру сайсында 108 келіні бағындырып, бірінші орынмен аяқтады. Екінші орында бұл сында жергілікті ауыратлет Ван-Тин Хун 101 келімен алса, 97 келі көтерген корей қызы Чун Чжон үздік үштікті түйіндеді.

Реклама
Реклама

Жұлқа көтеруде жаңылмаған отандасымыз серпе көтеру сайысында сыр берді. Ол бірінші мүмкіндігінде 118 келіні төбесіне көтергенімен, екінші және үшінші мүмкіндіктерінде 122 келіге тапсырып беріп, бұл салмақты бағындыра алмады.

Ал Ван-Тин Хун болса бұл жаттығуда 126 келіні еңсеріп, қоссайыстың қортындысы бойынша алтын медальді еншілеп кетті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама