ПОДЕЛИТЬСЯ
12 наурыз 2021 | 11:11
Қаршыға Дәуітбектің алдағы жекпе-жегі өтпейтін болды
Қазақстандық файтер Қаршыға Дәуітбек салмақ тастау кезінде денсаулығы нашарлап, ауырып қалған. Соған байланысты, 12 наурызда Ресейлік қарсыласымен өтетін жекпе-жеке шықпайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

ACA Kazakhstan баспасөз қызметі Қаршыға Дәуітбектің ресейлік Никита Чистяковқа қарсы жекпе-жегі тоқтатылғанын хабарлады. Дәутбек салмақ тастау кезінде бүйрегінің жұмысы нашарлаған. Дәрігерлер оған жекпе-жекке шығуға тыйым салды.
Қазақстандық файтер 12 наурызда Краснодарда өтетін АСА 119 турнирінде өнер көрсетуі қажет еді.
Каршыға былтыр ақпанда өткен соңғы жекпе-жегінде Alash Pride FC турнирін қазылар алқасы шешімімен жеңісті иеленген еді. Осылайша, Дәуітбек әйгілі Russian Cagefighting Championship (RCC) және Rizin-де өткізген екі сәтсіз жекпе-жек тізімін жеңіспен жапты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также