Қазақстан алғаш рет футзалдан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

© instagram/kff_team

Қазақстан құрамасы футзалдан Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Таиланд құрамасын ірі есеппен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасы футзалдан Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Таиланд құрамасын ірі есеппен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Каунаста өткен кездесу 7:0 есебімен қазақстандық команданың жеңісімен аяқталды. Дәурен Тұрсағұлов (3-минут), Дуглас (4), Чайвата Джамграджанга (19, автогол), Дәурен Нұрғожин (24), Тайнан (24), Арнольд Кнауб (32) пен голкипер Игита (38-я) гол соқты.

Реклама
Реклама

Осылайша, Қазақстан құрамасы тарихында алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Енді қазақстандықтар Өзбекстан - Иран жұбының жеңімпазымен кездеседі. 

Бұған дейін топтық кезеңде Қазақстан Коста-Рика (6:1) мен Литва (3:0) құрамаларынан басым түсіп, Венесуэламен (1:1) тең тарқасқан. Рикардо Кака шәкірттері А тобынан плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шыққан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама