13 желтоқсан 2022 | 11:56

Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында екінші медалін жеңіп алды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ФТК баспасөз қызметі

Қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Колумбияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Колумбияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

96 келіге дейінгі салмақта қазақстандық екі жаттығудың қосындысында 383 (174+209) келі нәтижеге қолжеткізді.

Дивизионда қазіргі әлем чемпионы Бахрейннен келген Лесман Паредес (185+212) жеңімпаз атанса, үшінші орынды колумбиялық Джора Морено (171+209) иеленді.

Реклама
Реклама

Қазақстан үшін Әділетұлының жүлдесі екінші болды: бұған дейін 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Алексей Чуркин "қола" алған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная