Қазақстан Азия ойындарында тағы бір медаль жеңіп алды

Фото: ҰОК/Турар Казангапов Фото: ҰОК/Турар Казангапов

Қазақстанның әйелдер құрамасы шаңғы жарысынан Харбиндегі (Қытай) Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның әйелдер құрамасы шаңғы жарысынан Харбиндегі (Қытай) Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның әйелдер құрамасы шаңғы жарысынан 4×5 шақырым эстафетада IX қысқы Азия ойындарында күміс жүлде иеленді. Медаль үшін күресте ұлттық командамыз Жапония құрамасынан озып, бірақ Қытай командасына жол берді. Жүлдегерлер қатарында: Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина.

Бұған дейін қазақстандықтар басқа спорт түрлерінде де көзге түсті. Владислав Киреев биатлондағы спринтерлік жарыста жеңімпаз атанса, Вадим Куралес екінші орын алып, күміс медальға қолжеткізді.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Қазақстанның ерлер құрамасы хоккейден Азия ойындарының жартылай финалына шығып, Гонконг командасын 24:0 есебімен ойсырата жеңді.

Фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы "синхронды секіруден" алтын медаль жеңіп алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная