Қазақстан енді мемлекеттік бюджеттен шетелдік спортшыларға қаржы бөлмейді

Midjourney

Сенат бюджетті тиімді пайдалану үшін спорт туралы заңға түзетулер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат бюджетті тиімді пайдалану үшін спорт туралы заңға түзетулер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді қаражатты бөлу кезінде ұлттық федерациялар басымдыққа ие болады, ал кәсіби клубтарды қаржыландыру балалар мен бұқаралық спорттың пайдасына қысқарады.

Бюджет қаражатын тиімді бөлу Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Паройындарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетіні айтылды.

Реклама
Реклама

Жергілікті билік спорт қызметтерінің бағасын реттей алады, ал спортшыларды даярлау жаңа стандарттар және спорттық медицинаны қолдау арқылы күшейтіледі.

Сондай-ақ, шетелдік спортшыларды бюджеттен қаржыландыруға тыйым салынады, ал мемлекеттік спорт ұйымдарының басшылары үнемі ауысып отырады.

Еске салайық, бұған дейін бұл мәселені бірнеше рет депутаттар көтерді. Мәселен Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті өткізген отырыста депутат Қазыбек Иса футбол клубтарындағы легионерлер санын қысқарту керегін айтты. Депутат Нартай Аралбайұлы да осындай мәлімдеме жасады.

Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесуде шетелдік спортшыларға азаматтық беріп, ел атынан додаға қосу тәжірибесін доғару керек екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная