Қазақстан еркін күрестен әлем чемпионатында тағы бір алтын медаль алды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Қазақстан еркін күрестен әлем чемпионатында тағы бір алтын медаль алды

Қазақстан U17 әлем чемпионатында еркін күрестен екінші алтын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Қазақстан U17 әлем чемпионатында еркін күрестен екінші алтын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

92 келіге дейінгі салмақтағы шешуші жекпе-жекте венгриялық Муса Арсункаевты жеңген Камил Куруглиев (11:0) әлем чемпионы атанды.

Камил - қазақстандық еркін күрес палуаны, 2005 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Магомед Куруглиевтің ұлы.

Реклама
Реклама

Сурет: Instagram/@nitedworldwrestling 

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Дарын Әскербек Қазақстан құрамасына алғашқы "алтын" әкелді.

Сурет: Instagram/@nitedworldwrestling

Бұған дейін әлем чемпионатының қола жүлдесін грек-рим күресінің балуандары Арсен Жұма мен Юсуф Ашрапов, сондай-ақ әйелдер күресінен Алина Ертөстік жеңіп алған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама