Қазақстан футзалшылары Еуропа чемпионатының алғашқы матчінде тең түсті

©uefa.com

Футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерландтағы Еуропа чемпионатының алғашқы турында бір ұпай еншіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерландтағы Еуропа чемпионатының алғашқы турында бір ұпай еншіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

В тобындағы алғашқы матчте қазақстандықтар Словениямен кездескен. Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака коронавирус жұқтырып, матчті Қазақстаннан қарауға мәжбүр болды. Одан бөлек, бірқатар футзалшы жарақатына байланысты бірінші тур матчіне қатысқан жоқ. 

Кездесу бойы Қазақстан ойыншылары есепті теңестірумен болды. Матч 4:4 есебімен аяқталды. Қазақстан сапынан Жуниор Дуглас дубль жасаса, Біржан Оразов пен Тайнан бір голдан соқты. 

Реклама
Реклама

Енді Қазақстан құрамасы келесі матчін 25 қаңтарға қараған түні Финляндияға қарсы өткізеді.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама