ПОДЕЛИТЬСЯ
24 наурыз 2017 | 20:21
Қазақстан құрамасы Арнайы Олимпиада ойындарында жүлделі орындарға ие болды
Қазақстан құрамасы дүниежүзілік қысқы Арнайы Олимпиада ойындарына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан құрамасы дүниежүзілік қысқы Арнайы Олимпиада ойындарына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, дүниежүзілік қысқы Арнайы Олимпиада ойындары Австрияда 14-25 наурыз аралығында өтіп жатыр. Ал Қазақстан атынан 28 спортшы қатысты. "Олимпиада ойындары спорттың 9 түрінен өтіп жатыр: флорбол, хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру, тау шаңғысы, сноуборд, шаңғымен жүгіру және қарадымдағыш", - деді Қазақстан құрамасының өкілдері.
Осылайша, тау шаңғысынан Рустам Зарипов алтын мен күміс жүлде, Руслан Баранбаев та алтын мен күміс медаль жеңіп алды. Антонина Рогова болса бір алтын медаль жеңіп, 4-орынға тұрақтады. Сондай-ақ, спорттың осы түрінен Оксана Бореивич те 4-орын алды. Спортшылардың барлығы Астанадағы "Қамқор" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында оқиды.
Енді Қазақстан құрамасы 26 наурызда Алматыға оралады. Айта кетейік, Арнайы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына Қазақстандағы балалар құқығы бойынша уәкіл Зағипа Балиева қатысты.
Показать комментарии
Читайте также