Қазақстан құрамасы кикбоксингтен әлем чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды

15-24 қазан аралығында Италияның Лидо-ди-Йезоло қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы Әлем чемпионаты өтіп, Қазақстан құрамасы 17 медаль иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Апенин түбігіндегі жарыста 65 мемлекеттен келген 1600-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы бұл сында алты алтын, бір күміс пен 10 қола медаль жеңіп алды.

Чемпион атанғандар - Дінмұхаммед Баймұратов, Ерлан Шағбан, Мақсат Үсіп, Фазледдин Сафаров, Нұрсұлтан Жұмабаев, Нұрдәулет Қалшора.

Реклама
Реклама

Күміс жүлдегер - Азамат Өтемісов.  

Қола жүлдегерлер - Серікбол Ермеков, Батырхан Қуандықов, Ариза Сманова, Дулат Дүйсенов, Жандос Назарбеков, Шыңғысхан Тлемісов, Берік Халықов, Бибарыс Сауханбек, Әділ Мырзағали, Дидар Төлебаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама