30 қыркүйек 2019 | 14:53

Қазақстан мен Грузия кездесуі жаппай төбелеспен аяқталды

видеодан үзінді

Грузия мен Қазақстан құрамалары арасындағы америкалық футболынан жолдастық матч соңы төбелеске ұласты, - деп хабарлайды firstandgoal.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузия мен Қазақстан құрамалары арасындағы америкалық футболынан жолдастық матч соңы төбелеске ұласты, - деп хабарлайды firstandgoal.ru.

Алматының "Феникс", "Титан", "Орда" және Нұр-Сұлтанның "Қасқырлар" командасынан жиналған Қазақстан құрамасының сапына Бішкектің "Барыс" клубынан бірнеше ойыншы қосылды. Тбилисидегі матч тартысты өрбіген. Төреші ысқырығына санаулы минуттар қалғанда таблодағы есеп қонақтардың пайдасына 12:22-ні көрсетіп тұрған. Алайда матч бітпей жатып қос команданың ойыншылары жаға жыртысты.

Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасының ойыншысы Рүстем Амангелдиновтің айтуынша, қос команданың ойыншылары бір-бірін жағадан алған. Оларды ажырату кезінде №33 нөмірлі ойыншының бетіне қарсыласының дулығасы тиіп кеткен. Осыдан кейін екі жақты шиеленіс арты жаппай төбелеске ұласты.

"Соңғы минутта келеңсіз оқиға болды. Қазақстан құрамасының ойыншысы грузин спортшысын арандатып, төбелес басталып кетті. Қарсылас командадан зардап шеккен бір ойыншы бірден аурухана жеткізіліп, тексерістен өтті. Бәрі жақсы. Матчтан соң екі құрама бір дастарханның басында жиналды. Келеңсіз оқиғаны ұмытып кетті.

Бірнеше ойыншы жазаланады. Ал төбелесті бастаған ойыншыларға америка футболымен айналысуға тыйым салынады. Комиссия бұл оқиғаны бүге-шүгесіне дейін зерттейді", - дейді Грузияның америка футболы федерациясының вице-президенті Давид Палавандишвили First & Goal басылымына берген сұқбатында.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram