08 наурыз 2014 18:54

Қазақстан паралимпиадашысы Сочиде алты рет мүлт кетті

Қазақстан паралимпиадашысы Қайрат Қанафин. Сурет e-event.kz сайтынан

Қазақстан паралимпиадашысы Сочидегі биатлоншылар бәйгесінде алты рет мүлт кетті, деп хабарлайды Vesti.kz. Сочиде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында бірінші жарыс күні мәресіне жетті. Бүгінгі соңғы сында, яғни ерлер арасындағы көзінен зақымданған биатлоншылардың 7,5 шақырымдық бәйгесінде Қазақстан спортшысы Қайрат Қанафин де бақ сынады. Бұл жарыста Қазақстан спортшысының жолы болмады. Екі рет нысана көздеу сынында ол алты ре мүлт кетіп, көмбеге жеткен 17 спортшының ішінде 17-орынды қанағат тұтты. Алтын медаль Украина өкілі Виталий Лукьяненкоға бұйырды. Ресейлік Николай Полухин екінші орынға ие болып, үздіктер үштігін беларусь Василий Шапциабой түйіндеді. Айта кетейік, алғашқы күннің қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Ресей спортшылары көш бастап тұр. Ресей спортшылары қазірдің өзінде 11 жүлде еншіледі. Оның төртеуі – алтын. Одан әрі Германия және Словакия орналасқан. Олардың еншісінде – әзірше екі жүлдеден.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram