02 тамыз 2021 | 13:51

Қазақстан спортшылары Олимпиаданың бірінші аптасында қанша табыс тапты?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: olympic.kz. Тұрар Қазанғапов ©

Токио Олимпиадасының бірінші аптасында қазақстандық спортшылар қанша табыс тапты? Vesti.kz порталы Олимпиадада жүлделі орын алған спортшыларың табысын есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Токио Олимпиадасының бірінші аптасында қазақстандық спортшылар қанша табыс тапты? Vesti.kz порталы Олимпиадада жүлделі орын алған спортшыларың табысын есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық спортшылар сыйақы алу үшін Олимпиадада үздік алтылыққа ілінуі керек (ең төменгісі). 2 тамыз бойынша спортшылардың жалпы табысы 265 мың доллар болып тұр. Бұл әлі де көбеюі мүмкін.

Токио Олимпиадасына белгіленген мемлекеттік сыйақының алдын ала тізімі:

Реклама
Реклама
  • "Алтын" - 250 мың доллар.
  • "Күміс" - 150 мың доллар.
  • "Қола" (75 мың доллар) - Елдос Сметов (дзюдо), Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло (екеуі де ауыр атлетика).
  • Төртінші орын (30 мың доллар) - Елена Рыбакина (теннис).
  • Бесінші орын (10 мың доллар) - Милад Карими (спорттық гимнастика).
  • Алтыншы орын - 5 мың доллар.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар Токио ойындарының бірінші жартысында тек үш қола медаль жеңіп алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram