08 тамыз 2021 | 10:31

Қазақстан тумасы UFC-де төртінші жеңісіне жетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Рафаэль Физиев. Фото: UFC©️

Қазақстанның 28 жастағы тумасы Рафаэль "Атаман" Физиев (10-1) UFC-де бесінші жекпе-жегін өткізді. Ол Хьюстонда (Техас, АҚШ) UFC 265 турнирі аясында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның 28 жастағы тумасы Рафаэль "Атаман" Физиев (10-1) UFC-де бесінші жекпе-жегін өткізді. Ол Хьюстонда (Техас, АҚШ) UFC 265 турнирі аясында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Америкалық Бобби Гринмен (27-12-1) кездесу Физиевтің жеңісімен аяқталды - 30-27, 29-28, 29-28.

Реклама
Реклама

Физиев үшін бұл жеңіс карьерасындағы оныншы және қатарынан төртінші болды. Рафаэль UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде 2019 жылдың сәуірінде ресейлік Магомед Мұстафаевтан (14-3) жеңілген болатын. Бұл оның жалғыз жеңілісі. Гринге келетін болсақ, бұл оның қатарынан екінші жеңілісі. 

Айта кетейік, Жамбыл облысы Қордай ауылында дүниеге келген Физиевтің бұрышында оның менеджері - қазақстандық Саят Әбдірахманов болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная