29 ақпан 2020 14:49

Қазақстанда Qazaq kuresi Қауымдастығы құрылды

29 ақпанда Назарбаев Университетінде Qazaq kuresi Қауымдастығының Конгресі өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

29 ақпанда Назарбаев Университетінде Qazaq kuresi Қауымдастығының Конгресі өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы және Республикалық қазақ күресі федерациясының бірлескен Конгресінде сала мамандарының қолдауымен Qazaq kuresi ассоциациясы құрылды. Қауымдастықтың президенті қызметіне Кәрім Қажымханұлы Мәсімов сайланды.

Реклама
Реклама

Конгресс барысында Ассоциация президенті: "Осында жиналған баршамыздың негізгі мақсатымыз қазақ күресін олимпиада ойындарының қатарына кіргізу. Сол себепті де бүгін көз алдарыңызда Қазақ күресі ассоциациясы құрылды. Ассоцияция өз кезегінде халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс жасай отырып, қазақ күресін Олимпиада бағдарламасына енгізу жолында жұмыс жасайды".

Сондай-ақ, Кәрім Қажымханұлы осы уақытқа дейін қазақ күресі саласында жұмыс жасап келген ұйымдардың бір қауымдастық аясында бірігуін үлкен жетістікке балады.

Конгресте ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының президенті Қ.Бозымбаев, Дүниежүзілік қазақ күресі федерециясының президенті А.Шпекбаев, үш дүркін "Қазақстан Барысы" Б.Ыстыбаев, екі дүркін "Әлем Барысы" А.Нұғымаров сөз сөйледі.

Қазақ күресін әлемдік аренада дамыту мақсатында аталған Қауымдастық ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен, ҚР Сыртқы істер министрлігімен, Ұлттық Олимпиада комитетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram