22 қараша 2018 | 22:09

Қазақстандық 9 биатлоншы допинг дауына байланысты уақытша шеттетілді

© riafan.ru

2017 жылы қаңтарда алынған антидопингтік тексерулердің нәтижесі бойынша қазақстандық тоғыз биатлоншының барлық жарыстан уақытша шеттелгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан биатлоншылар одағына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2017 жылы қаңтарда алынған антидопингтік тексерулердің нәтижесі бойынша қазақстандық тоғыз биатлоншының барлық жарыстан уақытша шеттелгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан биатлоншылар одағына сілтеме жасап. 

Халықаралық биатлоншылар одағы IBU 2017 жылы қаңтарда Италияның Анхольц қаласындағы антидопингтік ісіне қатысты Қазақстан құрамасының биатлоншыларын уақытша шеттету туралы шешім шығарды. Спортшылар осы іс жабылғаннан кейін ғана жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады. 

Реклама
Реклама

Ресми құжатта тоғыз спортшының есімі көрсетілген. Олардың арасында: Галина Вишневская, Алина Райкова, Дарья Климина, Ольга Полторанина, Ян Савицкий, Максим Браун, Анна Кистанова, Антон Пантов және Василий Подкорытовтар бар. 

"Қазіргі уақытта IBU осы мәселеге қатысты барлық мән-жайды анықтап жатыр. Ары қарай әр спортшыға жекелей өзіне қатысты шығарылған шешімі түсіндіріледі және тағылған айыптар алып тасталады", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

"Бүгін Қазақстан құрамасының 12 спортшысы Швецияның Идре қаласында. Олар IBU Кубогының бірінші кезеңіне дайындалып жатыр. Жарыс 2018 жылдың 29 қарашасында басталады. Қазақстан құрамасы сапында тізімде көрсетілген төрт спортшы бар: Галина Вишневская, Дарья Климина, Максим Браун және Антон Пантов. IBU шешімі бойынша олар уақытша шеттетілген. Қалған 12 спортшы толыққанды бірінші және кейінгі жарыстарға қатыса береді", - деді Қазақстан биатлоншылар одағының президенті Ермек Қизатов. 

2017 жылы Қазақстан құрамасының биатлоншылары Италияның Анхольц қаласында өткен әлем біріншілігіне қатысты. Қазақстан құрамасына тиесілі қолданылған дәрі-дәрмектердің қоқыс жәшігінен табылуы допинг дауына ұласты. Алайда антидопингтік тексерулер барысында қазақстандық спортшылардың қанынан рұқсат етілмеген препараттар табылған жоқ.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная