Қазақстандық ару бодибилдингтен әлем чемпионатында қола жүлде алды

Қазақстандық ару бодибилдингтен әлем чемпионатында қола жүлде алды Василина Шатохина. © Facebook

Қазақстандық ару Василина Шатохина Бангкокте бодибилдингтен өткен әлем чемпионатында WBPF тұжырымы бойынша қола жүлде алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен қола жүлде үшін көп еңбек еттім. Осы спорт түрімен 10 жыл бойы айналысып келе жатқан үздік спортшылармен бір сахнада тұрғаным үшін мақтанамын", - деп жазды жеңімпаз Instagram желісіндегі парақшасында. - Туыстарым және достарым, барлығыңызға ниеттеріңіз үшін алғыс айтамын, маған сенгендеріңіз үшін, жылы сөздеріңіз үшін! Бұл өте қымбат. Мен бақыттымын!".  

Реклама
Реклама

32 жастағы Василина Шатохинаның Алматы қаласында жаттығу жасайтыны және тұратыны белгілі. Ол Facebook желісіндегі анкетасында киімнің әлемдік брендтердің бірінде сауда жөніндегі менеджері болып жұмыс істейтінін көрсеткен. Василина Шатохина Қазақстанның, Азияның және әлемнің чемпионаттарына қатысты. 


Сурет әлеуметтік желілерден алынды

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама