07 шілде 2019 17:16

Қазақстандық дзюдошы абсолют салмақ дәрежесінде Универсиада чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдошы Ғалымжан Қырықбай абсолют салмақ дәрежесінде Универсиада чемпионы атанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚДФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық дзюдошы Ғалымжан Қырықбай абсолют салмақ дәрежесінде Универсиада чемпионы атанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚДФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол финалда франциялық Хадринн Ливольсиді жеңді. Ғалымжан Қырықбай жартылай финалда қырғызстандық Ерлан Шеровты, ширек финалда өзбекстандық Давлат Бабоновты тізе бүктірді. Ал іріктеу кезеңдерінде түркіменстандық Ибрагим Союнов пен германиялық Бенжамин Боюзгарниге қарсы күресіп, жеңіске жеткен болатын.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Ғалымжан Қырықбай Қазақстан дзюдо тарихында Универсиада алтынын алған алғашқы дзюдошы.

Жазғы Универсиада маусымның 3-14 аралығында Италияның Неаполь қаласында өтеді. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram