Қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасында ширек финалға шыға алмады

Фото: Қазақстан ҰОК /Жеңіс Ысқабай

Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов (66 келі) Токио Олимпиадасында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов (66 келі) Токио Олимпиадасында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бірінші кезеңде әзербайжандық Орхан Сафаровпен кездесіп, овертаймда "вазари" ұпайымен жеңген.

Ширек финалға берілер жолдаманы Серікжанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері италиялық Мануэль Ломбардомен сарапқа салып, қарсыласына есе жіберді. Жекпе-жек аяқталар тұста Ломбардо "вазари" ұпайын алды.

Реклама
Реклама

Ерлан Серікжанов - Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Жасы - 26-да. Ол - 2018 жылғы әлем чемпионаты мен 2019 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. 

Бұған дейін ел қоржынына алғашқы жүлдені дзюдошы Елдос Сметов салған болатын. Ол 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль еншілеген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама