30 маусым 2019 09:53

Қазақстандық файтер қарсыласын 10 секундта құлатты

Қазақстандық спортшы Жандос Жанат Әзербайжан астанасында өткен турнирде ирандық қарсыласын 10 секундта нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық спортшы Жандос Жанат Әзербайжан астанасында өткен турнирде ирандық қарсыласын 10 секундта нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандос Жанат Әзербайжан елінің астанасы Баку қаласында өткен турнирде ирандық спортшымен жекпе-жек өткізді. Отандасымыз қарсыласы Али Раджаб Задені басынан теуіп, 10 секундта нокаутқа түсірді. Осылайша отандасымыз 57 келі салмақта WJMMAF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, сондай-ақ бұл турнирде Ринат Серікбол, Абылай Батырбек, Самат Еркінов сынды спортшылар сынға түсіп, жеңіске жетті.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram