31 наурыз 2019 19:35

Қазақстандық файтер Токиода қолының сынғанына қарамастан жеңіске жетті

Қайрат Ахметов. © ONE Championship

Аралас жекпе-жекте өнер көрсетіп жүрген қазақстандық файтер Қайрат Ахметов Токиода ONE Championship турнирінде австралиялық Рис Макларенді қолының сынғанына қарамастан жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аралас жекпе-жекте өнер көрсетіп жүрген қазақстандық файтер Қайрат Ахметов Токиода ONE Championship турнирінде австралиялық Рис Макларенді қолының сынғанына қарамастан жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек әлемдік ONE Championship Гран-при аясында өтті, онда спортшылар жеңіл салмақта ширек финалда айқасты. Үш раундтың соңында Ахметов төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, 31 жастағы Ахметов спорттық мансабындағы 22-ші жеңісіне қол жеткізді. Сондай-ақ, ол бұрындары екі рет жеңіліс тапқан. 27 жастағы астралиялық болса 12 кездесудің алтауында жеңілген. 

Реклама
Реклама

Kairat Akhmetov kicks off the ONE Flyweight World Grand Prix by defeating Reece McLaren via unanimous decision in a spirited stand-up battle! #WeAreONE #ANewEra #Tokyo #MartialArts pic.twitter.com/2HvzVm5J4n

— ONE Championship (@ONEChampionship) 31 марта 2019 г.

Қайрат Ахметовтың менеджері Саят Әбдірахмановтың айтуынша, қазақстандық файтер ONE Championship турнирінде ауыр жарақатпен өнер көрсеткен. 

Әбдірахмановтың айтуынша, жекпе-жекке дейін же кездесу кезінде де біршама қиындықтарды бастан кешірген. "Алаңдаған барлық жанкүйерлерді құттықтаймын, жеңіс құтты болсын! Қайраттың қандай қиындықтарды бастан өткергенін аздаған адамдар біледі. Жекпе-жек кезінде де бұл қиындыққтар тоқтамады. Бірінші раундта Қайрат қолын сындырып алды, алайда қиындықтарға қарамастан ол гран-при жартылай финалына шықты! Бауырым сені мақтан тұтам", - деп жазлы Әбдірахманов  Instagram желісіндегі парақшасында. 

Финалға шығу үшін қазақстандық файтер жапониялық Сензо Икедо және филиппиндік Дэнни Кингэд жұбы жеңімпазымен жұдырықтасатын болады. 

Айта кетейік, аралас жекпе-жекте 2010 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан Ахметов 2017 жылы ONE Championship чемпионы атанған еді, алайда сол жылы бразилиялықпен реванш өткізіп, титулынан айырылды. ONE Championship - сингапурлық промоушен. 2011 жылдан бері Азия аумағында өткізіліп келеді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram