24 маусым 2019 10:57

Қазақстандық жас спортшылар Еуропа кубогы жарысында үш медаль жеңіп алды

© olympic.kz

Венгрияның Пакс қаласында дзюдодан жастар арасындағы Еуропа кубогы аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан үш медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

48 келіде белдесетін балуан қыздар өз шеберліктерін тағы бір дәлелдеді. Бұл салмақтағы финалда екі қазақ қызы белдесті. Ғалия Тыныбаева мен Ақмарал Науатбек арасындағы белдесу "алтын ұпайға" дейін жалғасып, Тыныбаева жеңіске жетті.

Реклама
Реклама

Ал қола медальді 66 келідегі Нұрзат Сәлімбаев иеленген. Осылайша, Пакстағы турнирден Қазақстан 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен оралмақ.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram