08 тамыз 2021 | 12:01

Қазақстандық каратэші қола жүлдесін марқұм бапкеріне арнады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық каратэші Софья Берульцева 2020 жылғы Олимпиада ойындарындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық каратэші Софья Берульцева 2020 жылғы Олимпиада ойындарындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

7 тамызда 61 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Берульцева жартылай финалға дейін жетті. Онда Берульцева Мысыр спортшысы Ферьял Абдельазизден жеңіліп, қола медальға ие болды. Марапаттаудан кейін Берульцева 1/2 финалда жеңу үшін қолдан келгенін жасағанын айтты.

"Бар күшімді салдым, бірақ финалға жету үшін шамалы ғана жеткіліксіз болды. Бұл мені біраз қынжылтты. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Мүмкін, тағдырыма жазғаны осы шығар. (...) Финалға жетуге бір қадам қалды. Сондықтан, қобалжыдым. Әрине, елге медаль әкелгеніме қуаныштымын, бірақ "алтынға" да таласа алар едім", - деді ол.

Реклама
Реклама

Спортшы бұл жетістігімен тоқтап қалмайтынын және шағын демалыстан кейін келесі жарыстарға - Азия және әлем чемпионаттарына дайындалатынын айтты.

"Мен каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Жасталап Санауовтың қосқан үлесін айтқым келеді. Ол, өкінішке қарай, жыл басында қайтыс болды. Бапкердің өлімі ешқайсымызды бей-жай қалдырмады. Ол құрама Олимпиадада жеңіске жету үшін бар күшін салды. Бізге көмектесті. Мен бұл жеңісімді сол кісіге арнағым келеді", - деді каратэші.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная