Қазақстандық конькимен жүгіруші Олимпиадада ел рекордын жаңартты

©ҚР ҰОК, Владислав Семенов

Қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова 2022 жылғы қысқы Олимпиадада 3000 метр қашықтықта өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова 2022 жылғы қысқы Олимпиадада 3000 метр қашықтықта өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Морозова 3000 метрді 4:04,97 уақытта жүгіріп өтіп, осы қашықтықта Қазақстан рекордын жаңартты. Алайда жүлделі орын ала алмады. 

Айта кетейік, бұған дейінгі рекорд Людмила Прокашеваға тиесілі болған (4:05.01). Бұл оның 2001 жылы 2 наурызда Калгариде өткен әлем чемпионатындағы көрсеткіші. 

Реклама
Реклама

Надежда Морозова Бейжіңдегі ойындарда басқа да қашықтықтарда өнер көрсетеді. 7 ақпанда ол Екатерина Айдовамен бірге 1500 метрге конькимен жүгіреді, ал 17-сі екеуі де 1000 метрге жарысады. Сондай-ақ, 19 ақпанда Морозова масс-стартта өнер көрсетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама