09 наурыз 2019 | 16:14

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Универсиада-2019" жарысында күміс жүлдегер атанды

© РИА Новости

Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты. Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан күміс жүлде жеңіп алды деп хабарлайды ҚР ҰОК ресми сайты

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты. Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан күміс жүлде жеңіп алды деп хабарлайды ҚР ҰОК ресми сайты

Қысқа бағдарламадан соң жерлесіміз төртінші орынға табан тіреген. Еркін бағдарламаны еш қатесіз орындаған ол жалпы есепте екінші орынға көтерілді.

Реклама
Реклама

Тұрсынбаева өзінің екі рекордын жаңартты. Еркін бағдарламадан алғаш рет 147.20 ұпай иеленсе, қоссайыс қорытындысы бойынша 214.77 ұпайға қол жеткізді.

Алтын жүлдені жапондық Маи Михара (220.68), қоланы ресейлік Станислава Константинова (205.91) жеңіп алды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Айза Мамбеква 124.41 ұпаймен 17-ші орынды қанағат тұтты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная