ПОДЕЛИТЬСЯ
24 наурыз 2022 | 09:39
Қазақстандық Олимпиада чемпионы медалінен айырылуына байланысты мәлімдеме жасады
2016 жылғы Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов медалінен айырылуына және ұзақ мерзімді дисквалификацияға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы оның дәлелдері қабылданбағанын мойындады. Бұған дейін ол медалінен айырылып, шеттетілгені хабарланды.
"Достар, Наурыз мейрамында CAS допингке қарсы департаментінің шешімі көңіліме қаяу салды.
Арбитр дәлелдерімді былтыр тамызда өткен тыңдау барысында қабылдамағаны өте өкінішті", - деп жазды ауыр атлет Instagram-парақшасында.
Рахимовтың айтуынша, бұл шешімге шағымдануға ниет білдіріп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также