28 қазан 2021 | 17:28

Қазақстандық өрт сөндіруші кикбоксингтен әлем чемпионатында қола жүлде алды

Дина Шарипханова Корреспондент

Шығысқазақстандық өрт сөндіруші Берік Қалықов Италияда 15-24 қазан аралығында өткен кикбоксингтен әлем чемпионатында қола жүлде алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығысқазақстандық өрт сөндіруші Берік Қалықов Италияда 15-24 қазан аралығында өткен кикбоксингтен әлем чемпионатында қола жүлде алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, азаматтық қорғау аға сержанты Берік Қалықов Семей қаласында қызмет етеді. Өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып жұмыс істейді.

Реклама
Реклама

"26 жастағы өрт сөндіруші мектеп қабырғасынан спортпен, кикбоксингпен белсенді айналысады. Ол жарыстың маңыздылығын, деңгейін түсініп, әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалды. 65 елден 1600 спортшы чемпионатқа қатысты. Берік Қалықов тамаша нәтижемен, Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Басқарма мәліметінше, барлық әріптесі Берікке жанкүйер болған. Ол 2016 жылдан бастап төтенше жағдайлар жүйесінде қызмет етеді. Жастығына қарамастан 13 рет өрт ошағына барып, 20 адамды құтқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная