Қазақстандық Паралимпиада чемпионы Рахмонов пен Тоқтар туралы ойын айтты

Қазақстандық Паралимпиада чемпионы Рахмонов пен Тоқтар туралы ойын айтты Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов // instagram.com/erkebulan_toktar/

Парабиатлоннан Паралимпиада ойындарының тарихи чемпионы Ербол Хамитов Шавкат Рахмоновпен қалай танысқаны және Еркебұлан Тоқтарға деген көзқарасы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Парабиатлоннан Паралимпиада ойындарының тарихи чемпионы Ербол Хамитов Шавкат Рахмоновпен қалай танысқаны және Еркебұлан Тоқтарға деген көзқарасы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Қазақстандық параспортшы Tengri Sport басылымына берген сұхбатында Шавкатты танымал болмай тұрған кезден білетінін және әлі күнге дейін байланыста екенін атап өтті. Олар алғаш рет 2017 жылы Ербол аяғынан айырылған кезде кездескен – сол кезде спортшыны UFC-дің болашақ файтерімен бірге жаттығуға шақырған екен.

"Одан кейін де араласып тұрдық, мен оны жеңістерімен құттықтап жүрдім. Ол да мені құттықтады. 2017 жылы оқу-жаттығу жиынында бірге болған кезде, ол әлі бүкіл әлемге дәл қазіргідей танымал емес еді. "Mega" орталығында төртеуміз отырған сурет бар ғой.

Сол кезде ол менен өзін Instagram-дағы жазбада белгілеуімді сұраған болатын – ол уақытта оның оқырмандары өте аз еді. Соңғы рет қыркүйекте кездесіп, шәй іштік. Өте жақын араласамыз деп айта алмаймын. Бірақ бір-бірімізді құттықтап тұрамыз. Негізі ол өте жақсы, қарапайым жігіт деп есептеймін", - деді Хамитов.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов – UFC-де титулдық жекпе-жекке шыққан алғашқы қазақстандық. Ол 2024 жылдың желтоқсанында белбеу үшін таласуы керек еді, бірақ қарсыласы жекпе-жектен бас тартты.

Қазіргі уақытта Рахмонов 2024 жылдан бері жекпе-жек өткізбегендіктен, UFC рейтингіне енбей қалды.

Грэпплингке оралуға дайын, бірақ Тоқтарды жекпе-жекке шақырмады

Ербол Хамитов парабиатлонмен айналыспас бұрын, аяғына ампутация жасалса да, грэпплингтен жарыстарға қатысып, жеңіске жетіп жүрген. Оның айтуынша, ол қазір де белдесуге дайын.

"Неге болмасқа? Кәсіпқойлар арасындағы Азия чемпионатында күресіп, күміс жүлдегер атанғанмын. Сол кезде өзім үшін өте жақсы нәтиже көрсеттім деп айта аламын. Әрине, егер медиа тұрғысынан жақсылап таныстырып, лайықты қарсылас ұсынып жатса, неге өнер көрсетпеске? Бос уақытымда грэпплинг пен джиу-джитсуды үнемі зерттеп жүремін. Бұл – өзіндік бір философия", - деп бөлісті Ербол.

- Сіз теориялық тұрғыда грэпплингтен қандай да бір медиалық жекпе-жекке қызығушылық танытатыныңызды айттыңыз. Қазір Қазақстанда Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақыру сәнге айналды. Ал сізде мүмкіндік болса, медиа саласындағы танымал тұлғалардың қайсын грэпплингтен күресуге шақырар едіңіз?

"Жоқ, ол туралы ойламаппын. Егер біреу қаласа, мені шақырсын, ал өзім біреуді шақырмаймын. Ал Еркебұлан Тоқтарға келетін болсақ, ол – мықты, жарайсың дегім келеді. Оны ТМД бойынша көп адам таниды. Бәріне өз еңбегімен жетіп, жас ұрпаққа үлгі көрсетіп жүр. Шынымды айтсам, маған мынадай сәттер – бос әңгімелер (треш-ток – ред. еск.) аса ұнамайды", - деп жауап берді Хамитов.

Ербол Хамитов Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген, 19 жасында аяғынан айырылған. Жарақат алғанға дейін ол жекпе-жекпен кәсіби түрде айналысқан және протезбен де грэпплинг жарыстарында бақ сынауын жалғастырған.

Кейінірек Хамитов кәсіби параспортшы атанып, парабиатлон мен шаңғы жарысынан әлем чемпионатын жеңіп алды, ал 2026 жылы Италияда өткен Ойындарда ел қоржынына жалғыз медальдарды салды.

Чемпионмен болған толық сұхбатты SauBall YouTube-арнасынан көруге болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама