20 қаңтар 2021 20:38

Қазақстандық Сергей Морозов UFC-дегі дебютінде жеңілді

Видео кадры

Қазақстандық 31 жастағы Сергей Морозов (16-5) UFC-дегі дебютінде жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық 31 жастағы Сергей Морозов (16-5) UFC-дегі дебютінде жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның қарсыласы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің 25 жастағы немере інісі Омар Нурмагомедов (13-0) болды, ол да осы промоушенде алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Реклама
Реклама

Аса жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте Нурмагомедов қазақстандықты қылғындыру әдісімен жеңді. Бұл дивизионда ресейлік Петр Ян чемпион екенін атап өтейік.

Айта кетейік, бастапқыда Сергей мен Омардың жекпе-жегі 2020 жылдың соңында болуы керек еді, бірақ ол қазақстандық қарсыластың ауруына байланысты кейінге қалды. Содан кейін оны 23 қаңтарда басты жекпе-жегі Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасында өтетін UFC 257 турниріне бекіткен. Бірақ содан кейін жекпе-жек 20 қаңтарға жоспарланған UFC on ESPN 20 турниріне ауысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram