Қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

Қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (13-0) UFC Vegas 30 турнирінде өнер көрсетіп, бразилиялық Мишель Празересті (26-3) жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Бұл айқас Лас-Вегас қаласында өтіп, 26 жастағы отандасымыздың жеңісімен аяқталды. 

Бірінші раундта Рахмонов қарсыласын бақылап, әлсіз тұстарын анықтады. Алғашқы раунд барысында қазақстандық спортшы бір тейкдаун жасап, раундты өз пайдасына аяқтады. 

Реклама
Реклама

Ал екінші раундта Шавкат өте белсенді бастап, қарсыласын қылғындырып тастады. Осылайша ол UFC ұйымындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама