27 желтоқсан 2021 | 09:40

Қазақстандық спортшы адамшошырлық ауыр жарақатын көрсетті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
©instagram.com/kairat__akhmetov

Аралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов спортшылардың қиын өмірі туралы айтты. Ол Instagram парақшасына жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Аралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов спортшылардың қиын өмірі туралы айтты. Ол Instagram парақшасына жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның кейінгі рет 17 желтоқсанда өткен жекпе-жегі Сингапурдегі ONE Championship турнирінде басты орынға ие болды. Ол жеңіл салмақта филиппиндік Дэнни Кингандамен кездесіп, үш раунд қорытындысында төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

"Қалай ойлайсыздар, спортшының өмірі қандай? Тұрақты жаттығулар, құрама, жарақаттар, шаршау. Өкінішке орай, спорттық өміріміздің сыртын ғана көресіздер. Біз ішкі жағын жасырамыз, өзімізді жақсы сезінетіндей кейіп танытамыз. Бұл - бар болғаны үш экстремалды жекпе-жектегі жарақат. 30-ға жуық жекпе-жек болды. Бүкіл карьерамда неден өткенімді білмейсіздер. "Бұл - алтын медальдың кері жағы!" деуге болады.

Халық мұны көріп, жеңіс болсын, жеңіліс болсын талқылап, айыптайды. Бізді айыптамас бұрын, өзіңізге сұрақ қойыңыз: "Өз Отаныңыз үшін не істей аласыз?" - деді ол.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная