Қазақстандық спортшы Бейжің-2022 чемпионын озып, жүлдесін 10 мың долларға көбейтті

Фото: ©Reuters

Қазақстандық Александр Герлиц Паралимпиада-2022 ойындарында шаңғы жарысында үздік бестікке кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстандық Александр Герлиц Паралимпиада-2022 ойындарында шаңғы жарысында үздік бестікке кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Герлиц бірінші келген қытайлық қатысушы Ван Шеняннан екі минутқа қалып қойды. Екінші болып франциялық Бенджамин Девье, үшінші болып қытайлық тағы бір спортшы - Кай Жиюн келді.

Қазақстандық Александр Герлиц турнир фавориттерінің бірі - канадалық Марк Арендцті басып озды. Солтүстік америкалық спортшы Герлиц сияқты биатлонда да өнер көрсетті, оның қоржынында алтын бар. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, кезекті бесінші орын қазақстандыққа жүлде төлемдерін тағы 10 мың долларға (бес миллион теңгеден астам) арттыруға мүмкіндік берді.

Еске салайық, бұған дейін Герлиц Бейжің-2022 ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль әкелген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама