11 қараша 2019 14:40

Қазақстандық спортшы қыз Азия чемпионы атанды

Катар астанасы Дохада нысана көздеу және стенд ату спортынан лицензиялық Азия чемпионаты жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Катар астанасы Дохада нысана көздеу және стенд ату спортынан лицензиялық Азия чемпионаты жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық Фатима Ерназарова пневматикалық винтовкамен жылжымалы нысана көздеуден құрлық чемпионатында топ жарды.

Реклама
Реклама

Екінші орында қытайлық Зен Янг, үшінші сатыда Солтүстік Корея өкілі Джи Е Ри.

Командалық есепте Қазақстан үшінші орынға тұрақтаған.

Айта кетелік, нысана көздеуден команда мүшесі Юрий Юрков 50 метрге үш позиция бойынша нысана көздеуден Токио Олимпиадасына жолдама алды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram