ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 қаңтар 2022 13:37
Қазақстандық теннисші Australian Open финалында жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен жұптасып, Australian Open-2022 чемпионатының финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге финалда әлемнің жұптық сындағы бірінші ракеткалары, чехиялықтар Барбора Крейчикова - Катерина Синяковамен шеберлік байқасты. Олар үш сетте жеңіліп қалды - 7:6 (7:3), 4:6, 4:6. Нағыз финалға тән тартысты бәсеке 2 сағат 42 минутқа созылды.
Сәтсіздікке қарамастан, Данилина Australian Open-2022 чемпионатында өнер көрсеткен уақытта жұптық разрядтың әлемдік рейтингінде жоғарылап, Елена Рыбакинадан озып, Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу