02 қыркүйек 2024 | 15:45

Қазақстандық теннисшінің ерсі қылығы жанкүйерлердің ашуына тиді

видео кадры

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева корттағы ерсі қылығымен жанкүйерлердің ашуына тиді. Ол US Open жарысында көмекші қыздың берген добын қабыл алмай қойған, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева корттағы ерсі қылығымен жанкүйерлердің ашуына тиді. Ол US Open жарысында көмекші қыздың берген добын қабыл алмай қойған, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Юлияның бұл әрекеті әлеуметтік желіде тарап, теннис жанкүйерлерінің ашуын туғызды. Оның әрекетін қатаң сынап, кешірім сұрауын талап еткендер де бар. Кейіннен Путинцева instagram-парақшасында осы бір әрекеті үшін кешірім сұрады.

"Шынымды айтсам, ол қызға ашуланған жоқпын. Мен брейк-пойнт пен геймде жеңіліп қалғаным үшін өзіме қатты ашуландым. Ашудан мен жан-жағымда не болып жатқанын аңғармай да қалдым. Балалардың бәрі өз жұмысын тамаша атқарды", - деп жазды теннисші.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, US Open турнирінің үшінші айналымында Юлия Путинцева Ясмин Паолиниден екі сетте де жеңіліп, жарысты аяқтаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная