ПОДЕЛИТЬСЯ
07 мамыр 2022 | 10:36
Қазақстандықтың АҚШ-тағы жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
Қазақстандық Замзагүл "Бопай" Файзолланованың (7-2) бразилиялық Ларисса Пачекоға (16-4) қарсы PGL америкалық лигасындағы дебюттік жекпе-жегі нокаутпен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық Замзагүл "Бопай" Файзолланованың (7-2) бразилиялық Ларисса Пачекоға (16-4) қарсы PGL америкалық лигасындағы дебюттік жекпе-жегі нокаутпен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші раундта Файзолланова соққыларды жіберіп алып, аяғына тұра алмады. Оның қарсыласы жекпе-жекті нокаутпен аяқтады.
Айта кетейік, "Бопай" бұған дейін 2015-2018 жылдары белсенді өнер көрсеткен, кейін 3 жылға жуық жекпе-жекке шықпаған. Ол 2021 жылғы тамызда шешім қабылдап, спортқа оралды.
Бұрын UFC-де өнер көрсеткен оның қарсыласы PFL-де 6 жекпе-жек өткізіп, тек 2 рет жеңілген. Алдыңғы 15 жеңістің 14-інде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также