02 маусым 2022 09:34

"Қазақтың кім екенін көрсетемін". Жұмағұлов хейтерлеріне жауап берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов (14-6) хейтерлерге жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов (14-6) хейтерлерге жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

"Хейтерлер? Бұлар бұрын да болған. Ұлы Абай Құнанбаев 24-ші қара сөзінде айтып кеткен. Менталитетіміз осы, не істейміз? Олар үшін ойлана бермеймін. Ал, мені шын жүректен қолдайтындарға рақмет, Алла разы болсын.

Мен үнемі қазақтың кім екенін бәріне көрсеткім келетінін айтамын және айта беремін. Қазір менің мансабым онша жақсы емес шығар, бірақ мен қазақтың кім екенін көрсетемін", - деді Жұмағұлов.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 5 маусымда Қазақстан уақыты бойынша Жұмағұлов пен америкалық Джефф Молина арасында жекпе-жек өтеді. Кейінгі жекпе-жекте жеңілген қазақстандықтың кездесуі алдын ала кардта өтеді. Шоудың басты оқиғасы Александр Волков пен Джаирзиньо Розенстрайк арасындағы жекпе-жек болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram