07 қараша 2019 | 17:00

Қол күресінен әлем біріншілігінде жеңіс жеткен қазақстандық әйел туралы не білеміз?

© mgorod.kz

Румынияда өткен қол күресінен әлем біріншілігінде жеңіске жеткен 54 жастағы қазақстандық Рахия Молдашева Vesti.kz порталына берген сұхбатында бірден белгілі болып кеткені жайлы өз ойын айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Румынияда өткен қол күресінен әлем біріншілігінде жеңіске жеткен 54 жастағы қазақстандық Рахия Молдашева Vesti.kz порталына берген сұхбатында бірден белгілі болып кеткені жайлы өз ойын айтты.

"Әлем чемпионатына алғаш баруым және жеңісіме қуаныштымын. Сөзбен жеткізе алмайтын әсер алдым. Шешуші кезеңде толқыдым, бірақ, қолымнан келді. Еліме жеңіс сыйлағаныма қуаныштымын. Үйде бәрі алаңдап отырды.

Реклама
Реклама

54 жастамын, үй шаруасында. Екі ұлы, екі қызым, олардан немерем мен жиенім бар. Олардың бәрі мені бір батырдай көреді. Мені тани бастағанын байқадым, алайда, өзімді жұлдыз сезінбеймін.

Менің кумирім - Геннадий Головкин. Оның жекпе-жектерінің барлығын тамашалаймын. Ол еліміздің ең мықты спортшысы және еліміздің даңқын шығаруда. Бізді жеңіске шабыттандырды", - дейді Молдашева.

Айта кетейік, әлемдік додаға 54 ел қатысты. Жалпы қазақстандық спортшылар сегіз алтын, тоғыз күміс және 11 қола жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан Ресейден кейін екінші орын иеленді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная