UFC ұйымының екі салмақ бойынша бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор аралас жекпе-жекке оралып, жеңіл салмақта өнер көрсететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ирландиялық спортшы қай ұйымда өнер көрсететін нақтыламады. Бірақ ол тексеруден өтіпті.
"McGregor FAST зертханасынан келдім. Денемді толық тексерд3, нәтижелері де шықты. Жеңіл салмақ, күт мені", - деп жазды Конор Twitter желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, маусым айында МакГрегор аралас жекпе-жектегі карьерасын аяқтағанын мәлімдеген болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!