UFC экс-чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовке әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
3 шілдеде Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагамедов Мәскеудегі ауруханалардың бірінде көз жұмған еді.
"Әкеңді, бапкеріңді және спорт жанкүйерін жоғалттың. Көңіл айтамын. Жатқан жерің жайлы болсын, Абдулманап Нурмагомедов", - деп жазды МакГрегор Twitter желісіндегі парақшасында.
Бұған дейін қазақстандық файтер Қуат Хамитов пен боксшы Геннадий Головкин Хабиб Нурмагомедовке көңіл айтқан болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!