ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қаңтар 2020 | 11:30
Конор Макгрегор қарсыласын бірінші раундта жеңді
Дәл қазір АҚШ-тың Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде UFC 246 турнирі аяқталды. Кештің басты кездесуінде Конор МакГрегор (21-4) мен америкалық Дональд Серроне (36-13) айқасты, - деп хабарлайды Tengrnews.kz тілшісі.

Бес раундқа есептелген жекпе-жек басталысымен Конор МакГрегор қарсыласын ауыр соққының астына алды. Серроненың басына ауыр соққы тиіп құлады, МакГрегор осы сәтті пайдаланып партерде жекпе-жекті аяқтады. Осылайша кездесудің төрешісі жекпе-жекті (40 секундта) тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша МакГрегор спорттық мансабында 22-кездесуде жеңіске жетті, ал америкалық файтер 14-ші рет жеңілді.
Осыған дейін, МакГрегордың үш миллион доллар гонорар алатыны, ал Серроне 200 мың долларды қанағат тұтады.
Ирландиялық файтер үшін бұл жекпе-жек 2018 жылы қазанда ресейлік Хабиб Нурмагомедовтан мерзімінен бұрын жеңілгеннен кейін бірінші рет октагонға шықты.
Показать комментарии
Читайте также