Конор Макгрегор қарсыласын бірінші раундта жеңді

Дәл қазір АҚШ-тың Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде UFC 246 турнирі аяқталды. Кештің басты кездесуінде Конор МакГрегор (21-4) мен америкалық Дональд Серроне (36-13) айқасты, - деп хабарлайды  Tengrnews.kz тілшісі. 

Бес раундқа есептелген жекпе-жек басталысымен Конор МакГрегор қарсыласын ауыр соққының астына алды. Серроненың басына ауыр соққы тиіп құлады, МакГрегор осы сәтті пайдаланып партерде жекпе-жекті аяқтады. Осылайша кездесудің төрешісі жекпе-жекті (40 секундта) тоқтатуға мәжбүр болды. 

Осылайша МакГрегор спорттық мансабында 22-кездесуде жеңіске жетті, ал америкалық файтер 14-ші рет жеңілді. 

Реклама
Реклама

Осыған дейін, МакГрегордың үш миллион доллар гонорар алатыны, ал Серроне 200 мың долларды қанағат тұтады.

Ирландиялық файтер үшін бұл жекпе-жек 2018 жылы қазанда ресейлік Хабиб Нурмагомедовтан мерзімінен бұрын жеңілгеннен кейін бірінші рет октагонға шықты. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама