Конор МакГрегор UFC файтерлері отырған автобусқа шабуыл жасады

Конор МакГрегор UFC файтерлері отырған автобусқа шабуыл жасады © REUTERS/Steve Marcus

Аралас жекпе-жек бойынша ?нер к?рсетіп ж?рген ирландиялы? спортшы Нью-Йорк орталы?тарыны? бірінде жаппай т?ртіпсіздік ?йымдастырды. Онда Абсолют жекпе-жек чемпионаты (UFC) файтерлеріні? жиналысы ?тіп жат?ан еді. 

Аралас жекпе-жек бойынша өнер көрсетіп жүрген ирландиялық спортшы Нью-Йорк орталықтарының бірінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды. Онда Абсолют жекпе-жек чемпионаты (UFC) файтерлерінің жиналысы өтіп жатқан еді. 

YouTube желісіндегі MMAnytt.se арнасында жарияланған видеода спортшы тосқауылды көтеріп, бірнеше спортшы отырған автобусқа шабуылдауға ұмтылады.

Реклама
Реклама

Журналист Ариэль Хельванидің айтуынша, осы кезде автобустың ішінде ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов болған. Сондай-ақ осы тәртіпсіздіктер салдарынан америкалық Майкл Кьеза зардап шеккен.  

UFC 223 турнирі қарсаңында ресейлік файтер Хабиб Нурмагомебов пен Артем Лобов жанжалдасып қалды.

Желіде спортшылардың Нью-Йорктегі қонақүйлердің бірінде ерегескені түсірілген видео таралып жатыр. Нурмагомедов ашулы, бір сәтте тіпті Лобовтың желкесінен ұстайды. Қақтығыс түсірілген видеода қазақстандық воркаутшы, соңғы кезде әйгілі Конор МакГрегор болып пранк ұйымдастыру арқылы танылған Ислам Бадургов та бар. Таяуда Ислам ММА-ға өтетінін мәлімдеген Бадурговты ашуға берілген ресейлік шапалақпен ұрған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама