ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2021 | 09:26
Қуат Хамитов Ресейдегі кештің басты жекпе-жегінде жеңіліс тапты
33 жастағы қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов "Пиранья" лақапатымен танымал 28 жастағы ресейлік Мариф Пираевтан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл айқас Сочиде (Ресей) өткен MC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегі болды.
Жекпе-жек алдында "Найман" еш қиындық көріп тұрмағанын, өйткені бірнеше жылда алғаш рет ұрысқа жарақатсыз келетінін мәлімдеген болатын.
Жекпе-жек барлық үш раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Пираевқа берді - 30-27, 29-28, 30-27.
Осылайша, Хамитов карьерасында сегізінші рет жеңіліс тапты, алайда оның қоржынында 21 жеңіс, бір тең көрсеткіш бар. Ал Пираев ММА-дегі 27-ші жеңісіне жетті, ол төрт рет жеңілген, бір рет тең түскен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также