"Қуат, не істейміз?". Желі қолданушылары Найманды күлкіге айналдырды

Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандық спортшы Қуат Найманды күлкіге айналдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандық спортшы Қуат Найманды күлкіге айналдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін Instagram-дағы парақшалардың бірінде Қуат Хамитовтың билік өкілдерінің талабына мойынсынбауға шақырған видеосы тараған болатын. Онда ол дезинфекторларға оқ атуға шақырған. Кейін спортшы бұл мәлімдемесі үшін полицияға жеткізілген.

Қуат тәртіп сақшыларына бұл әрекетін қалжың деп түсіндірген еді. Осы орайда қазақстандықтар да оның қалжыңын түсінген сияқты.

Реклама
Реклама

Желі қолданушыларының бірі видео түсірген. Онда ол көшедегі дезинфектор көріп, Қуат Найманды көмекке шақырады.

"Қуат, братан, келші, менің күшім жетпейді".

"Қуат, не істеу керек? Мен оларды таптым", - дейді Instagram-дағы желі қолданушысы.

"Айтқанымнан қайтпаймын". Қуат Хамитов тағы мәлімдеме жасады

Сонымен қатар, TikTok желісінде спортшы өзін қалай ұстау керегін және не істеуге болмайтыны көрсетілген.

"Бұл тек бірінші раунд". Қуат Хамитов Желіде жазба жариялады

Ал тағы бір желі қолданушысы "Мстители: Эра невежества" деп атап, фантастикалық фильмге монтаж жасап, өз нұсқасын көрсеткен.

"Рогатка хотя бы бар ма?" Бұл видеода Хамитов праймеризге баратындармен күресуге шақырады. Видеоның авторы алдын ала кешірім сұрап, бұл әзіл екенін ескерткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама