ПОДЕЛИТЬСЯ
14 сәуір 2019 | 12:09
Құрамында қазақ киберспортшысы бар Faze Clan BLAST Pro Series Miami турнирінде жеңіске жетті
Қазақстандық киберспортшы Дәурен AdreN Қыстаубаев FaZe Clan командасы BLAST Pro Series Miami турнирінің гранд-финалында Team Liquid киберспортшыларын 2:0 есебімен (Mirage 16:6 және Dust2 16:12) жеңді, - деп хабарлайды Sports.ru.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық киберспортшы Дәурен AdreN Қыстаубаев FaZe Clan командасы BLAST Pro Series Miami турнирінің гранд-финалында Team Liquid киберспортшыларын 2:0 есебімен (Mirage 16:6 және Dust2 16:12) жеңді, - деп хабарлайды Sports.ru.
Ақтық сындағы кездесудің үздік ойыншысы Никола "NiKo" Ковач болды. Ойын соңында оның орташа рейтингі 1.53 болды.
Топтық кезеңде Team Liquid бірде-бір жеңіліссіз финалға шықты. Faze Clan болса MIBR командасымен тең түсіп, Liquid ойыншыларына есе жіберген еді.
BLAST Pro Series Miami жарысы сәуірдің 13-і және 14-і АҚШ-та өтті. Бірінші орынды иеленген Faze Clan 125 000 доллар ұтты, ал Team Liquid екінші орын үшін 50 000 доллар алды.
Айта кетейік, Дәурен Қыстаубаев америкалық команда сапына биыл көшкен. Наурызда ол бұл келісімшартты ұзартпақ болып, Қытайдағы Чунцин қаласындағы өткен World Electronic Sports Games чемпионатына Қазақстан құрамасының атынан шығудан бас тартқан.
Осыған дейін, Қыстаубаев ресейлік Gambit командасының қатарында өнер көрсеткен. Былтыр ол екі қазақстандық Рүстем Тлепов және Абай Хасеновпен бірге CS:GO ойынынан өткен Major Krakow турнирінде жеңімпаз атанған. Қазіргі таңда ол еліміздің жетістікке жеткен киберспортшыларының бірден-бірі.
Показать комментарии
Читайте также