04 сәуір 2014 17:04

Қысқы Универсиаданың жалпы бюджеті әлі анықталған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: vesti.kz Сурет: vesti.kz

2017 жылы Алматыда өтетін  ХХVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың нақты бюджеті әлі анықталмады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Универсиада -2017" дирекциясының директоры Илья Оразақов айтып берді. 


2017 жылы Алматыда өтетін  ХХVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың нақты бюджеті әлі анықталмады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Универсиада -2017" дирекциясының директоры Илья Оразақов айтып берді. 

"2017 жылы Алматыда өтетін Унисверсиаданың нақты бюджеті анықталған жоқ. Біздің мамандар мұны қазір есептеуде. Алдағы бір немесе бір жарым айда анықталып қалады", - дейді  Илья Оразақов.

Сонымен қатар ол Универсиадаға қанша спортшы келетіндігін, оларға қанша еріктілер қызмет ететіндігін де айтып берді. "Жалпы Универсиадаға әлемнің 150 шақты елінен 3 500-дей спортшы келеді. Ал, оларға Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарынан іріктеліп алынған 2 500 - 3 000 мыға жуық еріктілер қызмет көрсетеді. Сондай-ақ Универсиада барысында Алматыға 60 - 70 мыңға жуық саяхатшылар келеді деп күтіп отырмыз", - дейді ол. 

Айта кетейік, Алматы 2017 жылғы Универсиаданы өткізу құқығын 2011 жылы Халықаралық студенттік спорт федерациясының шешімі бойынша жеңіп алған болатын. Бүгінде студенттер арасындағы Универсиаданы қабылдау үшін қалада 3 000 және 12 000 мың адамды қабылдай алатын жаңа ғимарат пен қонақ үй салынуда.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети